Соңғы жаңалықтар

02.11.2023 NIS халықаралық конференциясының екінші пленарлық отырысы қорытындыланды

Екінші пленарлық отырысты ашқан Кембридж университетінің құрметті профессоры Колин Маклафлин барлық мұғалімдерді толғандыратын баланың психикалық саулығы мен оның келешектегі өміріне мектеп қауымдастығының әсері туралы баяндады.

02.11.2023 Елімізде ауыл мектептерін дамыту жобасы нәтиже бере бастады

Елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылу салтанаты өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасының орынбасары Ляззат Шыңғысбаева, Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев қатысты.

02.11.2023 Ауыл мектебін өркендету жолында күш жұмылдыруымыз қажет

Халықаралық конференция делегаттарын «Күштерді жұмылдыру: мұғалімдер, технологиялар және ауыл қауымдастығы» панельдік дискуссиясында баяндалған ауыл мектептерінің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей жобалар мен батыл қадамдар ерекше шабыттандырды.

02.11.2023 Ауыл мұғалімдері отандық және шетелдік авторлардың кітаптарымен танысты

Еліміз бойынша 330-дан аса ауыл мұғалімінің басын біріктірген халықаралық ғылым-тәжірибелік конференцияда отандық және шетелдік авторлардың кітаптарының таныстырылымы өтті.

02.11.2023 «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» халықаралық конференциясының секциялық отырыстары өтті

Халықаралық конференцияның секциялық отырыстарында 300-ден астам мұғалім шетелдік және отандық білім беру сарапшыларымен бірге ең өзекті тақырыптарды талдауға мүмкіндік алды.

02.11.2023 Отандық және шетелдік сарапшылар ауыл мектептерін дамыту мәселелерін талдады

Елордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция басталды. Педагогикалық жиын «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ауқымды жиынға еліміздің 80 ауылдық мектебінен 330-дан аса педагог қатысуда.