Ауыстыру туралы өтініш

Оқушыны ауыстыру өтініштері «Мектепті басқару жүйесі» (бұдан әрі - МБЖ) ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Өтініш беру үшін логин (ата-ананың ЖСН) мен құпия сөзді қолданып өз мектебіңіздің МБЖ-не кіру қажет. Оқушыны ауыстыруға өтініш беру барысында қиындықтар туындамау үшін негізгі мәзірде «Өтініштер»/«Ауысу» бөлімінде оқушының аты-жөні, электрондық поштасының адресінің дұрыстығын алдын-ала тексеру қажеттігін ескертеміз 


Құрметті ата-аналар!

«Өркен» білім беру гранты негізінде оқитын Зияткерлік мектеп оқушыларын басқа Зияткерлік мектепке ауыстыру  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2023 жылғы 10 сәуірдегі (№13 хаттама) Басқарма шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқушыларды оқуға қабылдау және ауыстыру ережесі негізінде жүзеге асырылады. Ережені  Жүктеу


Ережеге сәйкес 8-12 сынып оқушыларын ауыстыру тек «Мектепті басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - МБЖ) «Өтініштер» бөлімінде жүзеге асырылады.
Заңды өкілдер өтінішті өзінің МБЖ-ға енетін тіркеу жазбасын қолданып тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналар МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыру кезегін қадағалай алады.

МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыруға өтініш беру туралы нұсқаулықпен осы жерде таныса аласыз.


АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Зияткерлік мектептер арасында оқушыларды ауыстыру кезегіне сәйкес тиісті орындар болған жағдайда каникул кезінде ғана жүзеге асырылады.
Оқушыны ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:
1) 7 сыныпта;
2) халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласындағы Зияткерлік мектебіне;
3) оқу жылының бірінші жартыжылдығының аяғына дейін Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің (халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын) 8–11 сынып оқушыларын басқа мектепке ауыстыруға;
4) экстернат формасында білім алып жатқан және академиялық демалыстағы оқушыларды ауыстыруға.

Қосымша ақпарат алу үшін Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментіне 8-7172-23-57-38телефоны арқылы хабарласуға болады.