Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 16 ақпанында өз жұмысын бастады. Үшінші мегаполистегі білім ордасы– осы NIS мектептерінің тоғызыншысы болып ашылған. Мұнда білім берудің сапасын көтеру, оқу процесіне инновацияны енгізу, педагогикалық кадрлар құрамының біліктілігін арттыру сынды жұмыстар қолға алынған. Ол үшін мектепте барлық жағдай жасалған.
Мектеп ғимараты меншікті жоспар негізінде жобаланған. Үш қабаттан, он төрт блоктан тұратын, 720 адамға арналған нысан. Күні бойы білім беруге бағытталған мектепте 360 орындық асхана жұмыс істейді.
Мектептің іші бірнеше бөлімдерге – жатын, оқу бөлмелері және зертханалар мен тіл үйрету блоктарына бөлінген. Жатын бөлімінде алыс аудандардан келіп білім алатын балаларға арналған 132 орындық жатақхана бар. Білім беру блогында 58 оқу кабинеті, оның ішінде 18 тіл үйрету бөлмелері, физика мен химия пәндерінің әрқайсысына бес кабинеттен, тоғыз математика пәнінің кабинеті және төрт биология, география, тарих пен экология және өзге де пәндерге арналған кабинеттер бар. Олардың барлығы интерактивті, маркерлік тақталармен, ноутбуктермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мектепте жеке білім алуға арналған аудиториялар, техникалық модельдеу, өнер технологиясы, психологиялық бейімдеу, педагогикалық және ақпараттық интеграциялау технологиясы мен лекция оқуға арналған бірнеше кабинеттер бар.
Физика, химия, биология, нанотехнология, робототехника саласының ауқымды зертханалары жас зерттеушілерге отандық және Ресей, Ұлыбритания, Германия мен АҚШ-тың алдыңғы қатарлы құрылғыларында, PASCO, PHYWE сынды және өзге де әлемдік брендтермен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталмыш компания өкілдері мектеп мамандарын жаңа техникамен жұмыс істеу ерекшеліктеріне үйретеді.
Мектеп – өз оқушыларына мәдени-танымдық орталық болуы тиіс. Мұнда түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру үшін 378 орындық көпфункционалдық акт залы қарастырылған. Оның негізгі ерекшелігі - ол көрермен отыратын орыннан кәсіби хореографилық холлға айналады.
Одан өзге коммуникативтік қабілет, креативті ойлау мен көпшілік алдында сөз сөйлеу сынды қасиеттерді дамыту үшін мектепте TV NIS атты жеке телестудия жұмыс істейді. Мұнда балалар жеке жобаларын жүзеге асырып, мектепшілік бағдарламаларды жасап, телемонтаждың қыр-сырын меңгереді. Шымкенттік оқушылар еліміздің тарихын тану бойынша жобаға қатысады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханалар қорына Шымкент қаласынындағы мектептердің де кітап мұрағаттары кірді. Мұнда ең үздік оқу- методикалық құралдар, отандық баспадан шыққан классикалық және көркем әдебиеттің алтын қоры іріктеліп алынған. Мектеп кітапханасының негізгі мақсаты – кітапты сақтап қою ғана емес, сонымен қатар балалардың ізденісін дамытып, мәліметтерді сараптап, сұрыптайтын ақпараттық орталыққа айналу.
Дене шынықтыру сабақтарын өткізу мен спорттық секциялар жұмысы үшін кіші және үлкен спорт залдары, тренажер, скалодром, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, теннистік корт пен жүгіру жолдары қарастырылған. Бұл жерде түрлі сайыстар, конкурстар мен қалалық біріншіліктер ұйымдастырылады. Сонымен қатар оқушылар хореография, музыка, гимнастика, шахмат, шашка, теннис, техникалық шығармашылық үйірмелеріне, сондай-ақ IELTS тестін тапсыру дайындығы үшін эллективті курстарға қатысады.
Жалпы, Назарбаев Зияткерлік мектептері «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыптық композицияда рәсімделеді. Ол «Менің Отаным – Қазақстан» сериясындағы көркем суреттерден, белгілі тұлғалардың портреттік көрмесінен, Қазақстан туралы кескіндемелері бар декоративті паннолардан тұрады.
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы конкурстық іріктеу негізінде аймақтың ең үздік педагогикалық кадрлары таңдап алынды.
Қазіргі таңда бұл мектепте 815 оқушы оқып 123 пән мұғалімі жұмыс істейді. Олар жыл бойы өз білімін және педагогикалық шеберлігін мектеп негізінде, республика деңгейінде және шет елде өтетін курстарда асырады.
Мектепте 5 шет ел мұғалімдері, педагогика саласының эксперттері жұмыс істеуде. Бейінді пәндерді оқытуға шет елдік үздік педагогикалық тәжірибені кіріктіру шет ел мамандарын жұмысқа шақырудың ең негізгі мақсаты болып табылады.
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыны адамзаттың жетістіктеріне ұмтылуды көздейді. Ол оқушыларға үздік дүниежүзілік тәжірибені жеткізеді және оларды болашақта өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Мектептің ұжымы мемлекеттің экономикалық, саяси және моральдық жағдайы қоғамдағы білім жүйесінің сапасына тәуелді екенін анық түсінеді.
Мектеп ұжымының миссиясы: Замануи білім дағдыларын меңгерген зияткер, адамгершілігі мол, салауатты әлем азаматын тәрбиелеу.
Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданы, Элиталы қалашық уч., 6.
Телефон: 8 (7252) 29 44 88
Электрондық поштамыз: info@fmsh.nis.edu.kz
Сайт: fmsh.nis.edu.kz