Оқушылардың әл-ауқаты

Оқушылардың игілігі департаменті (бұдан әрі - Департамент) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің мақсаты – оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының психологиялық және медициналық қызметтерінің жұмысын үйлестіру, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін оқушылардың заңды өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығымен, жеке және заңды тұлғалармен кері байланыс орнату. 

Психологиялық қызмет оқушылардың менталдық әл-ауқатын қорғау, мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау мақсатында Зияткерлік мектептердегі педагог-психологтардың қызметін үйлестіреді және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетеді. 

Изображение выглядит как человек, Человеческое лицо, одежда, стена

Автоматически созданное описание 

Медициналық қызмет оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты мәдениетін дамыту, мектептегі санитарлық-экпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Зияткерлік мектептердегі медициналық қызметтердің жұмысын үйлестіреді. 

Изображение выглядит как человек, в помещении, одежда, стена

Автоматически созданное описание 
ДББҰ сенім телефонына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және оның филиалдарының қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданады. 

Оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жобаларымыз 

7-сынып оқушыларына арналған балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» бағдарламасы (UNODC бірлескен). Жобаны іске асыруға психологтар, сынып жетекшілері, жатақхана тәрбиешілерінен құрылған тренерлер мен фасилитаторлар тобы қатысады.  
Бағдарламаның мақсаты – балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды тудыратын отбасылық факторлардың санын азайту болып табылады.  

7-12 сынып оқушыларына арналған «Оқушылардың мектептен шығып қалуының профилактикасы жүйесі» бағдарламасы (UNICEF бірлескен). Бағдарлама нақты қажеттіліктері, проблемалары бар оқушыларды анықтауға, оларды уақтылы және тиісті қолдауға көмектеседі. Бағдарламаны іске асырудың негізі – командалық жұмыс, мектеп мамандары – директордың орынбасары, психолог, куратор, пән мұғалімдері, медициналық қызметкерлер және өзге мектеп қызметкерлерінің әртүрлі проблемалық кейстерді бірлесіп жүргізуі 

8-9 сыныптарға арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы (UNICEF бірлескен). Жоба мектеп психологтарымен жүзеге асырылады. Бағдарлама көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерін, қосымша білім беру мұғалімдерін, сынып жетекшілерін, мектептің техникалық қызметкерлері мен күзетшілерін, ата-аналарды кризистік жағдайдағы оқушыларды анықтауға үйретуге бағытталған. 


Оқушыларды қорғау саясаты (оқушылар үшін)

Оқушыларды қорғау саясаты (ата-аналар үшін)

Оқушыларды қорғау саясаты (мұғалімдер үшін)