«100 күйдің тарихы», «Қазақтың әндері»
«100 күйдің тарихы», «Қазақтың әндері»
Мектептің тәрбие бағытында қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тілін меңгеруі мен тереңірек түсінуін жетілдіру басты назарда. Ұлттық музыка, халық әндерін насихаттау арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін, талғамын, ұлттық рухани дүниетанымын қалыптастыруда «Қазақ әндері» және «Жүз күйдің тарихы» тәрбие жобаларының маңызы зор. Мектептегі таңғы жиындарда, қазақ күйлері мен әндерін орындау, әрі зерттеу жөніндегі шеберлік сыныптарда оқушылар «Көзімнің қарасы», «Жекпе-жек», «Кісен ашқан», «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Сегіз аяқ», «Тепең көк», «Әке толғауы», «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым», «Көңіл толқыны» күйлері мен әндерін қызығушылықпен орындайды.
«Қазақ әндері» және «Жүз күйдің тарихы» тәрбие жобаларында оқушылар күйдің немесе әннің шығу тарихымен танысып, зерттейді. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 1000-ға жуық домбырашылары бір мезетте бір деммен бірнеше күй тартып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Барлық Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтағанда оқушылардың қатысуымен бірыңғай Домбыра сабағымен аяқталады.