Discover Kazakhstan
«Discover Kazakhstan» (Өзің үшін Қазақстанды таны) ағылшын тіліндегі үздік эссе байқауы
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы өз тәжірибесін тарату аясында ағылшын тілінде үздік эсселер "Discover Kazakhstan" (Өзің үшін Қазақстанды таны) байқауының жеке жобасын ұсынады.
Ағылшын тілінде үздік эсселер «Discover Kazakhstan» (Өзің үшін Қазақстанды таны) байқауы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында 2011 жылдан бастап жүргізіп келеді.
Байқаудың мақсаты: Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа таныту, шетел азаматтарын Қазақстанның мәдениетімен, дәстүрімен, табиғи-климаттық жағдайымен, әлеуметтік-саяси құрылымымен, экономикалық дамуымен, жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың сана-сезімінің деңгейін және азаматтық позициясын айқындау болып табылады.
2011 жылы байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.
2012 жылы еліміздің Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерінің 9-12 сынып оқушылары "Ел намысы – менің намысым" тақырыбына эссе жазды.
2013 жылы эссе байқауы "One Nation-one Country-one Destiny"тақырыбында өтті.
2014 жылы EXPO-2017 қарсаңында өтетін байқау "EXPO-2017: opportunities of green economy and future energy for Kazakhstan" тақырыбына арналды (ЭКСПО-2017: Қазақстан үшін Жасыл экономика мен Болашақ энергиясының мүмкіндіктері).
2016 жылы байқау Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Kazakhstan on the eve of EXPO-2017" (Қазақстан EXPO-2017 қарсаңында) тақырыбында өтті.
2018 жылы эссе байқауы " Youth is А driving force behind the modernization of public consciousness "(Жастар – қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші. Рухани жаңғыру) және "Astana is a business, cultural and scientific center of Eurasia" (Астана – Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығы) тақырыбында өтті.
2021 жылы байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік елдің ұрпағы" (Generation of an independent country) тақырыбында өткізілді.
Байқауға 2011 жылдан бастап еліміздің Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерінің 6 мыңнан астам оқушысы қатысты.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Үздік шығармалар "Discover Kazakhstan" (өзіңіз үшін Қазақстанды ашыңыз) эссе жинағына енеді.