Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ашылған күні: 30 тамыз 2013 жыл

Мектеп директоры: Жұматай Бахыт Әмірнұлы

2022 жылғы 11 мамырдағы оқушылардың саны: 736

2022 жылғы 11 мамырдағы мұғалімдердің саны: 122

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Елбасының бастамасымен «20 Зияткерлік мектептер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылдың 30 тамызында ашылған НЗМ желісіндегі 15-ші мектеп.

Миссия

Білім берудің ұлттық және халықаралық үздік тәжірибелерін қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты, интеллектуалды дамуына ықпал ететін сапалы білім беру.

Ұстаным

Мектеп түлектері – академиялық терең біліммен қаруланған, үш немесе одан да көп тілді меңгерген, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, Қазақстан Республикасының және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге қабілетті, елдің және әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар, адамгершілік құндылықтары жоғары ұлтжанды тұлғалар.

Мектеп мұғалімдері – әр оқушының жеке әлеуетін жүзеге асыратын біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар

Білім беру ортасы – оқушының жан-жақты дамуына әсер ететін инновациялық технологиялар мен түрлі оқу ресурстарын қамтитын, қолайлы орта

Мектеп қауымдастығы – стратегиялық мақсаттарға жету үшін тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыс жасайды.

Құндылықтар

  • Құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Ашықтық
  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
  • Еңбек және шығармашылық 
  • Өмір бойы үздіксіз білім алу

Мектеп жетістіктері

CIS Халықаралық аккредиттеу

2017 жылдың қараша айында мектеп CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредиттеуінен өтіп, халықаралық деңгейде білім сапасын растады. Шетелдік сарапшылар тобы мектептің қызметіндегі барлық бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру саласы, әлемдік тәжірибеге бейімделуі, мемлекет және аймақтағы көшбасшылық секілді жетістіктерін жоғары бағалады.

Оқушылар жетістігі

2013-2021 жылдар аралығында мектепті барлығы 736 оқушы бітірді. Бітірушілерден 12 түлек «Алтын белгі», 51 - «Үздік аттестат» иегерлері атанды. 136 түлек Назарбаев Университетінде, 49-і АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Гонконг, Оңтүстік Корея, Чехия, Түркия, Венгрия және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында, қалғандары еліміздің беделді университеттерінде грант негізінде білім алуда. Мектептен түлеп ұшқан алғашқы шәкірттер жоғары оқу орындарын сәтті тәмамдап, еліміздің тұрақты дамуына өзіндік үлес қосып жүрген белсенді азаматтардың қатарынан көрініп келеді.

Әдістемелік керуен 

2015 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында облыстық білім басқармасымен бірлескен республикада баламасы жоқ «Әдістемелік керуен» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, педагог қызметкерлерге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдістемелік қолдау көрсету, қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби көмек беру.

Мектеп жобалары

«Ғалымдарды тарту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын арттыру»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорларымен мектеп оқушылары бірлесіп дайындаған ғылыми жобалары халықаралық олимпиадаларда үздік танылып жүр. Оқушылар мен мұғалімдері өздерінің өнертабыстары мен жобаларына патенттер мен авторлық құқықтар алған.

 «Жақсылық жаса» әлеуметтік жобасы

«Қоғамға қызмет» жобасы аясында мектепте 7-11-сынып оқушылары арасында еріктілер қозғалысы құрылып, олар балалар ұйымдарында және ауруханаларда түрлі театрландырылған қойылымдар мен қайырымдылық акциялар өткізеді.

Мектеп мекен-жайы: Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-і, 6 үй

Телефон: 8 7242 40 23 75

Мектеп сайты: www.kzl.nis.edu.kz