Халықаралық мектеп Нұр-Сұлтан қ.

Тарихы

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп 2013 жылдың қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларына өз есігін айқара ашты. Ашылған уақытта мектепте 4 сынып және 10 мұғалім қызмет етті.2014- 2015 оқу жылында мектеп 400 оқушыны қамтитын 20 сыныпқа дейін өсті. Биылғы жылы балабақша ашылды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап, 1-ден 8 –сынып аралығындағы оқушылар 45 комплект сыныптарын қамтитын мектепте оқуын бастады. 2016 жылдың 1-қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің жаңа ғимаратының ашылуы өтті.

Қазіргі таңда 1-12 сыныптарды қамтыған 66 сынып жиынтығы бар. Мектепте білім алушылардың саны 1200-ден асады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредитациясынан өткен.

Бағдарлама туралы

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп – Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы бойынша авторизациядан өткен білім ордасы:

  • Primary Years Programme (PYP) - 3-12 жас аралығындағы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларына арналған;
  • Middle Years Programme (MYP) - 11-16 жас аралығындағы негізгі мектеп оқушыларына арналған (MYP);
  • Diploma Programme (DP) - 16-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама (DP).

Халықаралық Бакалавриат қатысушы-мемлекеттерінің мектеп біліміндегі ең үздігін жинақтады. Бұның өзінде Халықаралық Бакалавриат ұлттық білім беру жүйелерін алмастырмайды, керісінше оны ұлттық стандарттан жоғары сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдыларын, жеке және топтық эксперименттер мен зерттеулерді жоспарлау мен өткізу дағдыларын дамыту. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға бағытталған.

PYP бағдарламасы баланың сүйсініп білім алуына, жаңа ақпарат пен идеяларға шынайы қызығушылық танытуына, өзінің табиғи білімге құштарлығын үнемі дамытып отыруына бағытталған. Бұл еркін ойлауға, жылдам және жарқын ойларды дамытуға, жүйелі және ұғынықты талқылауға бейімдейді.

Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының философиясына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін қалыптастыруға, жеке мүмкіндіктерін, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, толеранттылық және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, үздіксіз білім алуға деген ынтасын арттыруға жағдайлар жасауда.

Өз қызметінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп келесі құндылықтарға жүгінеді: құрмет, даму, ынтымақтастық , адалдық, жауапкершілік, қауіпсіздік.

Мектеп инфрақұрылымы 

Мектептің ғимараты білікті сәулетшілер тобының жоспарлауымен оқыту мен білім беруге арналған ауқымды көру концепциясына сәйкес бой көтеруде, яғни кешеннің шыныдан тұрғызылған оқыту алаңы мен ішкі ашық архитектурасын құру мақсаты көзделген. Жұмыстың нәтижелі болуы үшін, қолайлы жағдай жасау мақсатында, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектепжәне негізгі мектеп жаңа ғимараттың өзара байланысып жатқан түрлі бөліктерінде орналасады.

Дәстүрлі мектеп кітапханасының орнына Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі осы заманға сай оқыту үрдісі ізімен мектеп ғимаратының негізі ретінде оқу медиа-орталығын жабдықталған. Сондай-ақ музыка және театр үйірмелерін жүргізу үшін, театрландырылған көрсетілімдер мен дәріс залы ретінде пайдалануға болатын студиялық жабдықтар орнатылады. Көркемөнер бөлімі де заманауи студиялық құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ, мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалармен айналысуына мүмкіндік беретін технологиялық және эксперименттік жылыжайлары бар заманауи ғылыми зертханалар кешені де қарастырылған. Мектеп оқушыларына ауа райы жылы болғанда, пайдаланатын арнайы ішкі аулалар беріледі.

Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі түрлі спорттық және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру үшін, осы заманғы ішкі және сыртқы бірқатар спорттық нысандармен жабдықталады.

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Туркестан 32/1.

Телефон: 8 (7172) 91-61-77

Сенім телефоны: +7 (778) 944 89 99, +7 (701) 987 08 88

Электрондық пошта: info@isa.nis.edu.kz