Назарбаев
Зияткерлік
мектептері
Біз отандық және халықаралық үздік тәжірибені үйлестіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейлерде зияткерлік әлеуетті арттыруға ұмтыламыз.
Қазақстандық оқушылар WRO Asia-Pacific 2026 чемпионатында үздік үштікке енді
Қазақстандық оқушылар Үндістанның Хайдарабад қаласында өткен WRO Asia-Pacific Open Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ел құрамасын байрақты додаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы дайындады....
28 қыркүйек 2026
NIS-ке қабылдау: құжат тапсыру және тестілеу мерзімдері
22 қыркүйек 2026
NIS бастамасымен елімізде отбасылық жүгіру шарасы өтті
12 қыркүйек 2026
NIS-те жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды
01 қыркүйек 2026
Қазақстандық оқушылар WRO Asia-Pacific 2026 чемпионатында үздік үштікке енді
Қазақстандық оқушылар Үндістанның Хайдарабад қаласында өткен WRO Asia-Pacific Open Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ел құрамасын байрақты додаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы дайындады....
28 қыркүйек 2026
NIS білім беру экожүйесі
Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру бағдарламалары мен технологияларының заманауи үлгілерін әзірлеу, мониторингтеу, зерттеу, талдау, сынақтан өткізу, енгізу және іске асыру алаңы болып табылады
Зияткерлік мектептер
Озық білім беру бағдарламалары, инновациялар және қолайлы орта академиялық шеберлігі, шығармашылық ойлауы және әлеуметтік жауапкершілігі бар көшбасшыларды қалыптастырады.
NIS-Programme
Қазақстандағы алғашқы үштілді білім беру бағдарламасы, Кембриджбен бірлесіп әзірленген. Бағдарлама әлемдік тәжірибелер мен ұлттық құндылықтарды үйлестіріп, A-Level, IB және O-Level бағдарламаларына балама болып табылады.
Педагогтердің кәсіби дамуы
NIS отандық және халықаралық тәжірибе, ресурстар мен әдістемелерді біріктіріп, мұғалімдердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан білім беру жүйесін жетілдіреді.
Бағалау жүйесі
NIS білім сапасын қамтамасыз етуге маңызды рөл атқарады, оқушылар мен педагогтардың білімдері мен құзыреттіліктерін бағалау үшін сенімді және валидті құралдар жасап, білім беру жүйесінің тиімділігін арттырады.
Цифрлық технологиялар
NIS білім беру саласында инновациялық шешімдер енгізіп, цифрлық платформалар мен онлайн-қызметтерді дамыта отырып, озық технологияларды оқу процесіне интеграциялайды.
Тәжірибе алмасу
NIS инновациялық әдістемелерді енгізе отырып, білім беру саласындағы озық тәжірибелермен бөліседі, педагогикалық қауымдастықты дамытуға және Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді.
NIS ресурстары
Сандар мен фактілер
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Мектеп байланыстарын қалай білуге болады?
Зияткерлік мектептер туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді.
-
NIS-ке қалай оқуға түсуге болады?
Қабылдау туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді.
-
Байқау тестілеуіне қалай тіркелуге болады? Байқау тестілеуі қалай өтеді? Байқау тестілеуінің нәтижелерін қайдан көруге болады?
Байқау тестілеуіне қатысу үшін https://trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркеу порталында тіркеліп, орын брондау қажет. Әр байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондалады.
Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде компьютерлік форматта өткізіледі. Мектептердегі орын саны шектеулі болады. Тест нәтижелері байқау тестілеуі өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде онлайн тіркелу порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жүктеледі.
Толық ақпарат https://trialtest.nis.edu.kz сайтында берілген.Байланыс телефоны: +7 775 63 723 66 (whatsapp)
-
Онлайн байқау тестілеуін қалай тапсырады?
Онлайн тестілеу 24/7 қолжетімді. Тестілеу 6 пәнді: математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қамтиды.
Тіркелу және тестілеуден өту https://onlinetest.nis.edu.kz/ сайтында жүреді.
Кеңесші: +7 775 63 723 66 (WA)
-
Мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары бар ма?
Біліктілікті арттыру курстары бойынша ақпарат https://beyim.edu.kz сайтында қолжетімді.