«Пословицы и поговорки, используемые в моей жизни»

Мақсаты:

 Ата-бабамыздан қалған мәңгілік мұра, сарқылмас қазына, мақал-мәтелдерді  жас ұрпақтың санасына сіңіру. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлт мұрасы мен құндылықтарын дәріптеу, тапқырлық пен шешендікке, мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалануға тәрбиелеу.  

Жоба ұзақмерзімді. Әр айға арналған мақал-мәтелдер тізімі белгіленеді.

 

Ай

Мақал-мәтелдердің мазмұны 

1

Қыркүйек

Отан, ел, жер туралы

2

Қазан

Достық, білім

3

Қараша

Мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік, жақсылық

4

Желтоқсан

Еңбек туралы

5

Қаңтар

Мінез туралы

6

Ақпан

Тіл туралы

7

Наурыз

Отбасы, ағайын, туыстық туралы

8

Сәуір

Ас, тағам, нан туралы

9

Мамыр

Бірлік, ынтымақ туралы

 

Жобаға өзінің зерттеушілік дағдысын дамытқысы келетін 1-9-сынып аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады. Негізгі шарт – 1-6-сынып оқушылары үшін 3, 7-9-сынып оқушылары үшін 5 мақал-мәтелді жаттап, мазмұнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана білу.

Жоба аясында бейнероликтер түсіріліп, мектеп  каналдары мен YouTube каналында жарияланып отырады. Шаңырақтарда әртүрлі ойындар, жарыстар, эссе жазу және басқа да іс-шаралар өткізіледі.  Оқу жылының соңында жоба нәтижелері Шаңырақ қауымдастығын бағалау критерийі ретінде ескеріледі.

Мақал-мәтелдерді жаттау қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырады, сауатты, әдеби сөйлеу дағдысын дамытуға көмектеседі. Оқушылардың таңдаған мақал-мәтелдері міндетті түрде тәрбиелік, рухани мәнге ие болуы керек. Мақал-мәтелдердің терең мазмұнын түсіну, шығу тарихын зерттеу үшін оқушылар ата-аналарымен, ата-әжелерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Сол арқылы қазақ тілі мен қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының өркендеуіне өз үлестерін қосады.

Сондай-ақ жоба оқушылардың жаттаған мақал-мәтелдерін сабақ үстінде, эссе жазуда, көпшілік алдында сөйлеу барысында қолдану сынды жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерін дамытады. Оқушылар мақал-мәтелдерді жаттап қана қоймай, күнделікті өмірде қолданады.