Халықаралық аккредиттеу
Халықаралық аккредиттеу
Назарбаев Зияткерлік мектептері 2016 жылдан бері білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын растау және жақсарту мақсатында Council of International Schools (CIS) халықаралық аккредиттеуінен өтуде. Бүгінгі таңда 20 Зияткерлік мектеп CIS мүшелері болып табылады және аталған мекеме аккредиттеуінен өткен мектеп мәртебесіне ие. 2021 жылдан бастап мектептер халықаралық сапа және тұрақтылық стандарттарына сәйкестігін растау үшін CIS аккредиттеуінің 2-ші айналымына кірісті.
Өткізілген бағалау нәтижелері бойынша CIS сарапшылары Зияткерлік мектептерде оқушылардың сапалы білім алуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін айқын миссиясы мен көзқарасы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Зияткерлік мектептердің басты міндеттерінің бірі - тұрақты жалпыадамзаттық құндылықтары бар патриот азаматтарын тәрбиелеу екенін және мектептерде инновациялық білім беру тәжірибесін дамытуға, оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға және үштілділікке бағытталған оқу бағдарламаларын тиімді жүзеге асырып жатқанын растады.