Хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2022 жылғы 01 маусымдағы шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру Ережесіне сәйкес, оқушы туралы берілген ақпараттарда атап айтқанда, заңды өкілдерінің және білім алушының тұрғылықты жерінің тіркелген мекен-жайы, мүгедектігі туралы және мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алу анықтамасы, өтініш берушінің және оның отбасының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығын растайтын анықтама, заңды өкілдері ұсынған басқа да мәліметтерде жалған ақпарат анықталған жағдайда, оқушы жатақханадан шығарылады.

Жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушының заңды өкілдері ұсынған мәліметтердің, құжаттардың, анықтамалардың дұрыстығын тексеруге, қажет болған жағдайда заңды тұлғаның және оқушының тұрғылықты жеріне сәйкес тіркелген мекен-жайына баруға құқылы.

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілер анықталған жағдайда, Назарбаев Зияткерлік мектептері тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр болады.

2024-2025 оқу жылында Зияткерлік мектептердің жатақханаларында тұруға арналған орындарды бөлу жөніндегі Комиссия шешімімен Зияткерлік мектептердің интернет-ресурстарында таныса алатындарыңызды қосымша хабарлаймыз.

Құрметті ата-аналар!

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – ДББҰ) Басқарма отырысының 2024 жылғы 23 мамырдағы шешіміне сәйкес (№27 хаттама) 2022 жылдың 1 маусымында (№24 хаттама) бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, оқушының жатақханаға орналасуы/шығуына қатысты өтінішті оның заңды өкілдері «Жатақхана бойынша өтініштерді беру және қарастыру сервисі» (бұдан әрі - Сервис) https://otinish.nis.edu.kz/. арқылы жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы жүзеге асырады. Оқушының заңды өкілі әр балаға өтінішті жеке жеке береді.

Жатақханадан орын алуға өтініш беру процесі туралы нұсқаулықпен осы жерден таныса аласыз.


АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!


Жатақханадан орын беруге өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 21 маусымында сағат 18.00 дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.



Жатақхана жұмысын ұйымдастыру

Қараңыз

Жатақхана ережелері

Қараңыз