Соңғы жаңалықтар

10.07.2023 Қарағандыдағы NIS түлегі Анна Лазарева Шанхай Цзяотун университетіне оқуға түсті

Қарағандыдағы NIS түлегі Анна Лазарева Shanghai Jiao Tong University-ге (SJTU) Инженерлік кластер бағдарламасы бойынша оқуға түсті.

10.07.2023 NIS мұғалімдері «Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің тарих пәні мұғалім-модераторлары Бағлан Жамелов пен Бақыт Амалбекова «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының стипендиясын жеңіп алды.

10.07.2023 Елордадағы NIS пен Халықаралық мектептің IBDP қорытындысы белгілі болды

NIS экожүйесіндегі екі оқу ордасы – Астанадағы Зияткерлік мектеп пен Халықаралық мектептің International Baccalaureate Diploma Programme (IBDP) қорытындысы шықты.

07.07.2023 Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS CIS аккредитациясынан қайта өтті

Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы NIS қайта аккредиттеуден сәтті өтіп, Council of International Schools (CIS) сертификатына ие болды. Бұған дейін мектеп өз мәртебесін растайтын халықаралық статусты 2016 жылы алды.

04.07.2023 Тараз және Көкшетаудағы NIS оқушылары «Samsung Innovation Campus Hackathon» стартап жобалар байқауында жүлдегер атанды

«Samsung Innovation Campus Hackathon» стартап жобалар байқауында Тараз және Көкшетау қалаларындағы NIS оқушылары екінші орынды еншілеп, «Hardware» номинациясында 1 500 000 теңге ақшалай сыйақы жеңіп алды. Байқау 1-2 шілде аралығында Astana IT университетінде өтті.

04.07.2023 Айдана Шилибекова Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Шилибекова Айдана Сенбекқызы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.