Баспасөз-қызметі
Елордадағы NIS пен Халықаралық мектептің IBDP қорытындысы белгілі болды
NIS экожүйесіндегі екі оқу ордасы – Астанадағы Зияткерлік мектеп пен Халықаралық мектептің International Baccalaureate Diploma Programme (IBDP) қорытындысы шықты.
2022-2023 оқу жылында елордадағы Зияткерлік мектептің 153 оқушысы Халықаралық бакалавриат дипломын алады. Бұл 92,7 пайызды құрайды.
Ал Астана Халықаралық мектебін биыл 28 түлек тәмамдаса, оның 85 пайызы IB Diploma Programme-нан сәтті өтті.
Әлемдік деңгейде Халықаралық бакалавриат дипломын алу көрсеткіші биыл – 79 пайыз.
International Baccalaureate Diploma Programme – 16-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған екі жылдық университетке дейінгі білім беру бағдарламасы. Оқу аяқталған кезде білім алушылар талдау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, тәуелсіз зерттеу жүргізу тәжірибесі, уақытты ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын дамытып, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінеді. Халықаралық Бакалавриат дипломы білімнің жоғары сапасын куәландырады, оны әлемнің жетекші университеттері мойындайды және жаһанның көптеген жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламасынсыз түсуге мүмкіндік береді.