Баспасөз-қызметі
Айдана Шилибекова Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Шилибекова Айдана Сенбекқызы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Шилибекова Айдана Сенбекқызы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша аспирантураны тамамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2014–2015 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Лестер Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Еңбек жолын 2002 жылы Тараздағы гуманитарлық-техникалық колледжде информатика пәнінің мұғалімі болып бастап 2003–2015 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а. болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да қызмет атқарған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Педагогикалық өлшеулер орталығы» директорының орынбасары қызметінде болған.
2019 жылдың сәуір мен тамыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдың тамызы мен 2022 жылдың шілдесі аралығында «Педагогикалық өлшеулер орталығы» директоры лауазымын атқарған.
13 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, 27 ғылыми мақаланың авторы.
2022–2023 жж. «Educational Science» мамандығы бойынша Utrecht University (Нидерланды) магистратураға түсіп, оқу демалысында болды.