Соңғы жаңалықтар

30.10.2023 Зияткерлік мектептерде желілік спартакиадалар басталды

Бүгін 21 Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS) мен Астана Халықаралық мектебінің (ISA) оқушылары арасында тоғызқұмалақтан және баскетболдан желілік спартакиадалар басталды.

28.10.2023 NIS оқушылары мен мұғалімдері Оқу-ағарту министрімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев беделді халықаралық олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен, сондай-ақ оқушыларды дайындаған педагогтермен жүздесті.

18.10.2023 «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі»

2023 жылғы 2-3 қарашада Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

16.10.2023 NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші туры басталды. Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс 16-20 қазан аралығында қашықтан өтеді және NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынады.

14.10.2023 Astana Hub Battle 2023: NIS оқушылары үздіктер қатарында

Digital Bridge 2023 халықаралық цифрлық форумының дәстүрлі «Astana Hub Battle» технологиялық стартаптар шайқасында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушыларынан құралған «Shabyt» командасы көрермендер көзайымы жүлдесін еншіледі.

14.10.2023 Зияткерлік мектептердің оқушылары Rise Global жеңімпаздары атанды

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Елнар Салпеков және Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен ағайынды Асанәлі Кәрім мен Диасәлі Кәрім беделді «Rise Global for the World» халықаралық байқауының жеңімпаздары деп танылды.