Баспасөз-қызметі
NIS түлектері Зияткерлік мектептердің ең білімді оқушыларын анықтады
Бүгін «Даму қоры» корпоративтік қорының қолдауымен NIS Alumni қоғамдық бірлестігі еліміздегі Зияткерлік мектептерде интеллектуалды ойын өткізді. Білім сайысына 22 мектептен 1200-ге тарта оқушы қатысты.
5 раундтан тұратын байқауда қатысушылардың жылдамдығы мен тапқырлығы, сондай-ақ шығармашылық еркіндігі сарапқа салынды.
– NIS Challenge 2023 - бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері мен оқушылары арасындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, мектеп өмірін қызықты өткізу әрі білімді жастардың басын бір арнаға тоғыстыруды көздейтін ауқымды жоба. Түлектердің осы бастамасын қолдаған «Даму қоры» корпоративтік қорына, сонымен бірге Назарбаев зияткерлік мектептері басшылығына алғыс білдіреміз, – деді NIS Alumni қоғамдық бірлестігінің президенті Жанель Сабденова.
Айта кетейік, биыл екінші мәрте өтіп отырған білім бәсекесі дәстүрлі түрде өтетін болады. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дайындалған сыйлықтар мен Jusan Singularity ІТ мектебіне ақысыз негізде оқуға мүмкіндік алды.