
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

NIS Педагогикалық орталығында үлкен қуаныш. Полиграфиялық кешеннің дизайнері Ерболат Әбдіғалымов следж-хоккейден әлем чемпионатының күміс медалімен Астанаға оралуда.

Кеше түнде елордалық әуежайда Бангкоктан ұшып келген қазақстандық команданың отбасылары, достары, әріптестері мен жанкүйерлері жиналды.

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының сұранысқа ие «Шабыт» алаңы әдебиет пен өнерге құмар жандардың басын қосты

Богота қаласындағы халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан NIS-тің үш өкілі – елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Айғаным Балташова, Семейден Дамир Екібаев, Ақтөбеден Айдана Айтөре қола жүлдемен оралды. Олар тестілеу, теориялық және эксперименттік тапсырмаларды сәтті орындады.

Ақтөбе қаласындағы NIS-те жүзден астам мектеп директоры мен орынбасары білім беру жүйесінің топ-менеджерлеріне арналған компьютерлік модельдеудің өзектілігіне көз жеткізді

Ақтау қаласындағы NIS-те заманауи мектептің табысты моделін компьютерлік тренажер арқылы Маңғыстау облысының білім беру құрылымдарының директорлары мен орынбасарлары әзірледі.