Соңғы жаңалықтар

19.03.2023 Арнайы номинацияда Талдықорғандағы NIS оқушысы Жәния Жұматай марапатталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова «Дербес медициналық көмекшілер мен биоинтерфейстер жасау» секциясында «Save at any Cost» атты құтқарушы робот ұсынған Талдықорғандағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Жәния Жұматайды арнайы номинациямен марапаттады.

19.03.2023 «Тіл табысқандар» Наурыз кездесулері қатысушыларына қуаныш сыйлады

Наурыз кездесулерінің қатысушылары Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында труппаның репертуары және тарихына, актерлерлік құпиялар мен костюмдарға қызығушылық танытты. Болат Ұзақовтың «Тіл табысқандар» комедиясы оқушылардың басым көпшілігі үшін отандық театр өнерінің жаңалығына айналды.

18.03.2023 Қызылордадағы NIS: 200 келі бауырсақ әзірледі

Бауырсақ пен көже party, ұлттық ойындар сайысы және мерекелік ән шашу – Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамын Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп сән-салтанатымен атап өтті

18.03.2023 Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Массачусетс технологиялық институтының грантына ие болды

Бүгін оңтүстік астанадан Наурыз кездесулері қатысушыларын шабыттандырған қуанышты хабар жетті

17.03.2023 NIS оқушылары екі беделді олимпиадада жеткен жаңа жетістіктерімен қуантты

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Нәрік Арсен, Амира Кенбаева, Әлімжан Тұрдалы және Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептен Аманқос Ринат жеке жетістік коллекциясын халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қоласымен толықтырды. Ал Альдинаш Сейтенов пен Али Еркебұланұлы бірден екі беделді олимпиадада – Азия-Тынық мұхиты мен «Жібек жолынан» үшінші орынды иеленді

17.03.2023 «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері