«Тіл табысқандар» Наурыз кездесулері қатысушыларына қуаныш сыйлады

Наурыз кездесулерінің қатысушылары Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында труппаның репертуары және тарихына, актерлерлік құпиялар мен костюмдарға қызығушылық танытты. Болат Ұзақовтың «Тіл табысқандар» комедиясы оқушылардың басым көпшілігі үшін отандық театр өнерінің жаңалығына айналды.