Баспасөз-қызметі
NIS оқушылары екі беделді олимпиадада жеткен жаңа жетістіктерімен қуантты
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Нәрік Арсен, Амира Кенбаева, Әлімжан Тұрдалы және Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептен Аманқос Ринат жеке жетістік коллекциясын халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қоласымен толықтырды. Ал Альдинаш Сейтенов пен Али Еркебұланұлы бірден екі беделді олимпиадада – Азия-Тынық мұхиты мен «Жібек жолынан» үшінші орынды иеленді.
Ақтаудағы Зияткерлік мектептен Дамир Нұрланов халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының күмісін еншілесе, Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Ақерке Нұрахметова қола медаль иегері атанды.
Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» – ең беделді халықаралық олимпиадалардың қатарында. Біріншісінде 40-тан астам елден келген мектеп жасындағы ең үздік математиктер кездессе, екіншісінде Ұлы магистральда орналасқан мемлекет өкілдері бақ сынасты.
Екі олимпиадада бойынша жеңімпаз атанған NIS оқушылары өз жетістіктерімен тек Қазақстанда ғана емес, әлемге танылып, Зияткерлік мектептердің жоғары академиялық стандарттарын тағы бір мәрте дәлелдеді.