NIS мұғалімдері «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Назарбаев Зияткерлік мектептердің математика пәні мұғалімдері – Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Айбын Сәді, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS-тен Абдумәлік Шойбеков, Семей және Қостанайдағы Зияткерлік мектептен Нұрғазы Тұрсынғазин мен Станислав Козловский педагогтерге арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының үшінші орнын иеленді.

– Регатаға алғаш қатысуым, олимпиаданың бұл форматы батыс өңірінде кең таралған, сондықтан әріптестеріміз жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Ал біздің көрсетеріміз әлі алда деп сенемін, – дейді шымкенттік математик ұстаз Абдумәлік Шойбеков.