NIS мұғалімдері «Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің тарих пәні мұғалім-модераторлары Бағлан Жамелов пен Бақыт Амалбекова «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының стипендиясын жеңіп алды.

Мұғалімдер осы жылдың шілде мен қыркүйек айлары аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тарих мамандығы бойынша ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтеді.

Тағылымдама барысында әлемдегі үздік жоғарғы оқу орындарының санатына кіретін Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші профессор-оқытушылары тарапынан дәріс алу жоспарлануда. Сондай-ақ зерттеу тақырыптары аясында кітапханалар мен мұрағаттарда ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.