Соңғы жаңалықтар

08.11.2023 NIS қызметкерлері Қазақстандағы MICE туризм елшісі атанды

Бүгін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ «MICE Ambassador Meeting» конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Серікпаева мен Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов Қазақстан Республикасы MICE туризмінің елшісі болып тағайындалды.

07.11.2023 Зияткерлік мектептерде шахматтан желілік спартакиада өтуде

Бүгін еліміздің барлық өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектептері (NIS) мен Астана Халықаралық мектебінің (ISA) оқушылары арасында шахматтан желілік спартакиада басталды.

06.11.2023 Зияткерлер химия пәнінен республикалық олимпиадада топ жарды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. Білім бәйгесінің алтын медалін Қарағандыдағы NIS-тен Алидар Айтжанов еншілесе, күміс жүлделерді Ақтөбедегі NIS оқушысы Ислам Аманшиев пен павлодарлық зияткер Рамиль Сәрсенбаев иеленді.

03.11.2023 Нидерландтағы Халықаралық Мектептер Кеңесі мен NIS мектептерді аккредиттеу туралы меморандумға қол қойды

Нидерландтағы Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына елдегі мектептерді аккредиттеуге мүмкіндік беріп отыр.

03.11.2023 Зияткерлік мектеп мұғалімдері ауылдық әріптестеріне шеберлік сағатын өтті

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтері ауылдық мектептерден келген әріптестеріне қоғамға қызмет ету, цифрлы құралдарды оқу процесcінде қолдану, жасөспірімдерді психологиялық қолдау бағыттары бойынша үздік тәжірибелерін ұсынды.

03.11.2023 NIS халықаралық конференциясының үшінші пленарлық отырысы өтті

«Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның үшінші пленарлық отырысы «Қамқор жүрек» қорының тең құрылтайшылары Виктория Шарбону мен Элизабет Турноктың «Игіліктің не екенін анықтау және жергілікті әлеуеттің мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбындағы баяндамасымен басталды.