Баспасөз-қызметі
Зияткерлер химия пәнінен республикалық олимпиадада топ жарды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. Білім бәйгесінің алтын медалін Қарағандыдағы NIS-тен Алидар Айтжанов еншілесе, күміс жүлделерді Ақтөбедегі NIS оқушысы Ислам Аманшиев пен павлодарлық зияткер Рамиль Сәрсенбаев иеленді.
Республикалық олимпиада 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында өтті. 80-ге жуық жас химик теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.