Баспасөз-қызметі
NIS қызметкерлері Қазақстандағы MICE туризм елшісі атанды
Бүгін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ «MICE Ambassador Meeting» конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Серікпаева мен Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов Қазақстан Республикасы MICE туризмінің елшісі болып тағайындалды.
MICE туризм елшілері немесе конференция елшілері - бұл кәсіпқойлар мен мәдениет, спорт, бизнес және кез келген қоғамдық сала қайраткерлерінің институты.
Елші ел аумағында өтетін халықаралық MICE іс-шараларын тартуға көмектесіп, қолдау білдіреді.