Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар
Башқұртстанда да ана тілінің қолданыс аясын кеңейту өзекті мәселе. Бұл проблемамен күресте не істеуге керек, ағылшын тілі үстемдік еткен заманда балаларға үштілде білім берудің тиімді жолы қандай? Осы және өзге де мәселелер бойынша Зияткерлік мектептердің тәжірибесімен танысу үшін Башқұртстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және білім саласының белді өкілдері Астанаға арнайы келді.
Ақтөбедегі NIS-те «You lead – іргелі істер бастамасы» атты оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының форумы өтті. Дәстүрлі шара биыл оныншы рет ұйымдастырылды және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 15 жылдық мерейтойына арналды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары XVIII республикалық «Шапағат» байқауының дипломанттары атанып, ақшалай сыйақыға ие болды.
Алматыдағы екі Зияткерлік мектептің педагогтері математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған X халықаралық шығармашылық байқауда жалпыкомандалық есепте бірінші орынды, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS ұстаздары екінші орынды еншіледі.
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында кәсіби шыңдалып, біліктілігін арттырған педагогтерге арналған интенсив өтті. Ауқымды шара елімізде алғаш рет өтіп отыр.
Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.