Баспасөз-қызметі
NIS мұғалімдері халықаралық шығармашылық байқауда жеңіске жетті
Математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған X халықаралық шығармашылық байқауда жалпыкомандалық есепте Алматыдағы екі Зияткерлік мектептің педагогтері бірінші орынды, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS ұстаздары екінші орынды, Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері үшінші орынды еншіледі.
Дәстүрлі байқау биыл Алматыда өтті. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 300-ден аса педагог қатысты.
– Шығармашылық байқау заманауи білім берудегі оқыту әдістемелерін бөлісуге және математика пәніне деген қызығушылықты арттыруға ерекше үлес қосып келеді. Күрделі есептерді шығару арқылы біліміміз бен деңгейімізді анықтап, біліктілігімізді одан әрі шыңдауға шабыт алдық. Өзге өңірлерден, көрші елдерден келген әріптестермен танысып, тәжірибе алмастық, – дейді Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімі Айбол Оразғалиев.
Білім бәйгесінің мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігін дамыту, Қазақстандағы математика пәні мұғалімдерін біріктіру және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсете отырып, тәжірибе, білім алмасу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету. Байқауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қазақстан математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы өткізді.