Соңғы жаңалықтар

16.10.2023 NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші туры басталды. Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс 16-20 қазан аралығында қашықтан өтеді және NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынады.

14.10.2023 Astana Hub Battle 2023: NIS оқушылары үздіктер қатарында

Digital Bridge 2023 халықаралық цифрлық форумының дәстүрлі «Astana Hub Battle» технологиялық стартаптар шайқасында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушыларынан құралған «Shabyt» командасы көрермендер көзайымы жүлдесін еншіледі.

14.10.2023 Зияткерлік мектептердің оқушылары Rise Global жеңімпаздары атанды

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Елнар Салпеков және Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен ағайынды Асанәлі Кәрім мен Диасәлі Кәрім беделді «Rise Global for the World» халықаралық байқауының жеңімпаздары деп танылды.

14.10.2023 Астана Халықаралық мектебіне 10 жыл!

Елордада «Табыстың онжылдығы: жасампаздық тарихы және болашаққа бағдар» атты халықаралық конференция өтті. Білім беру саласындағы жетекші шетелдік және отандық сарапшылар әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Іс-шара NIS ISA мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

13.10.2023 Ақтаудағы NIS оқушылары Digital Bridge форумында өз жобаларын таныстырды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас стартаперлері Астананың EXPO Көрме орталығында өткен халықаралық Digital Bridge IT-форумында өздерінің үздік жобаларын таныстырды.

12.10.2023 Робототехника бойынша Әлем чемпионатының жеңімпаздары Қазақстанға оралды

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Сингапурда өткен робототехникадан дүниежүзілік FIRST Global Challenge-дің абсолютті чемпиондарын Астана әуежайында қарсы алды.