NIS оқушылары республикалық лингвистика олимпиадасында 3 медаль иеленді

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Кирилл Ким республикалық лингвистика олимпиадасында алтын медаль еншілесе, қола жүлде Қызылордадағы NIS-тен Нұрислам Дамирұлы мен Семейдегі Зияткерлік мектептен Дархан Поезкановқа бұйырды.

Айта кетейік, республикалық лингвистика олимпиадасы оқушылардың «қолданбалы филология» пәніне қызығушылығын арттыруға және ғылыми білімді насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.