NIS-те баскетболдан жылдың үздік командасы анықталды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында баскетболдан финалдық кезең қорытындыланды.

Ақтық ойын Шымкенттегі екі Зияткерлік мектепте өтті. Өңірлік кезеңде іріктелген 16 құрама команда баскетболдан жыл үздігі атағы үшін бақ сынады.

Қыздар құрама командалары арасында:

1-орын – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

2-орын – Астанадағы NIS IB

3-орын – Қарағандыдағы NIS

Ұлдар құрама командалары арасында:

1-орын – Астанадағы NIS IB

2-орын – Петропавлдағы NIS

3-орын – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS

«Ең нәтижелі ойыншы» номинациясының иегерлері:

Нұртөлеу Оразханов – Cемейдегі NIS

Ерасыл Мұратов – Оралдағы NIS

Назерке Досжанова – Оралдағы NIS

Мөлдір Дюсембек – Өскемендегі NIS

«Үздік қорғаушы» номинациясының иегерлері:

Райымбек Бименде – Петропавлдағы NIS

Әмина Мырзағалым – Тараздағы NIS

«Үздік орталық ойыншы» номинациясының иегерлері:

Дамир Нұрмұханов – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Айгерім Қылышбек – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS

«Үздік шабуылшы» номинациясының иегерлері:

Алишер Қамза – Атыраудағы NIS

Аружин Анис – Қарағандыдағы NIS