Соңғы жаңалықтар

04.06.2024 NIS түлегі 9 шетелдік жоғары оқу орнынан шақыру алды

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Адина Хайрушева АҚШ-тағы Шырмауық лигасына кіретін Колумбия Университетінен, одан бөлек Duke, Drexel, Syracuse, Lafayette университеттері мен Colby және Dickinson колледждерінен шақыру алды. Сондай-ақ Италиядағы University of Padua мен Малайзиядағы Xiamen University Адинаға толық грант ұсынды.

02.06.2024 Кореяда Зияткерлік мектептердің баламасы жоқ цифрлық жобалары таныстырылды

Оңтүстік Кореяның Йосу қаласында өтіп жатқан «Korea Glocal Education Fair – 2024» көрмесінде Зияткерлік мектептердің BeyimTech жүйесі көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

02.06.2024 Әнуар Жанғозин Korea Glocal Education Fair халықаралық конференциясында сөз сөйледі

Корея Республикасының Йосу қаласында «Korea Glocal Education Fair – 2024» конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин сөз сөйледі

29.05.2024 NIS Кореяның ежелгі Сонгюнгван университетімен ынтымақтастық орнатты

Бүгін Корея Республикасының астанасы Сеулде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мен Сонгюнгван университетінің (SKKU) Президенті Ю Джи Бом ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

24.05.2024 Мәжіліс депутаттары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмысымен танысты

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен ұйымға қарасты орталықтардың жұмысымен танысуға арнайы келген Мәжіліс депутаттары бірқатар түйткілдерге жауап алып, мектеп жұмысын көрді. Мәжілісмендер білім ұясындағы оқушылардың контингенті мен ұйымның қоғамға сіңіріп отырған еңбегін, соңғы жетістіктері мен стратегиялық мақсаттардың орындалу барысын да жан-жақты талқылады

23.05.2024 Назарбаев Зияткерлік мектептерін тағы 2 университет мойындады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасы мен түлектерге берілетін NIS Grade 12 Certificate сертификатын британдық Heriot-Watt университетінің Қазақстандағы филиалы мен елордадағы Esil University мойындады