Соңғы жаңалықтар

26.09.2023 Тараздағы NIS мұғалімі Shymkent Marathon-2023 жүлдегері атанды

Тараздағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Балауса Байдарманова Shymkent Marathon-2023 байқауының қола медалін иеленді. Педагог кәсіпқой спортшылар еңсеретін қашықтық – 42 шақырымды жүгіріп өтті.

26.09.2023 Конкурс жөнінде хабарлама

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді

26.09.2023 Бала құқықтары жөніндегі уәкіл NIS тәжірибесімен танысты

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жұмыстарымен танысу мақсатында NIS-те болды.

19.09.2023 Сабыржан Садуақасов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қамқоршылық кеңес және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының шешімімен NIS Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Сабыржан Садуақасов тағайындалды.

18.09.2023 Алматылық NIS оқушылары аутизмге шалдыққан балаларға арналған қосымша жасады

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары аутизммен ауыратын науқастардың эмоционалды интеллектісін дамытуға арналған «Drive Beyond» қосымшасын жасады.

13.09.2023 Ганноверлік оқушылар мен мұғалімдер Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS-ке келді

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Германияның Ганновер қаласындағы Халықаралық мектептен келген достарын қарсы алды.