Баспасөз-қызметі
NIS оқушысы Балқан математика олимпиадасында алтын медаль алды
25-29 маусымда Түркияның Анталия қаласында JBMO-2024 халықаралық жасөспірімдер Балқан математика олимпиадасы өтті. Бәсекеге толы білім сайысына 22 елден 135 оқушы қатысты. Турнирге елімізден барған барлық 6 оқушы да медальға ие болды. Жеңімпаздар арасында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әли Еркебұланұлы да бар.
Бұған дейін талапты оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында күміс жүлдеге, ал математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын.