Баспасөз-қызметі
Тағы екі отандық университет NIS сертификатын мойындады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне берілетін NIS Grade 12 Certificate сертификатын мойындайтын жоғары оқу орындарының тізіміне Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен (ҚазХҚ және ӘТУ) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) қосылды.
Биылдан бастап NIS түлектері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бакалавриат бағдарламаларына түсу барысында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Дене шынықтыру» және «Шет тілі» пәндері бойынша кредиттерді есепке ала алады. Бұл орта мектепте жоғары нәтиже көрсеткен түлектерге бакалавриатты үш жыл ішінде аяқтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түскенде түлектер мамандықтарға байланысты жалпы білім беру пәндері бойынша кредиттерді қайта есептете алады.
Айта кетейік, NIS Grade 12 Certificate сертификатын мойындайтын отандық университеттерінің саны 23-ке жетті.