NIS оқушылары биологиядан халықаралық олимпиадада топ жарды

Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен биология пәнінен Авиценна атындағы халықаралық олимпиадада Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Батыр Ержанұлы күміс медаль еншілесе, Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Айғаным Балташова қола медаль иеленді.

– Менің биологиядан олимпиаларға қатысуға деген қызығушылығым Зияткерлік мектепке келгелі ашылды. Бұл пәннің ғылыммен, соның ішінде математика, физика және химиямен ұштасқан ұнайды. Ал олимпиадаға қатысу өзімді әрдайым дамытуға, білімімді арттыруға күш береді, – дейді Айғаным.

Халықаралық білім бәйгесі биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 18 елден 100-ден аса оқушы қатысты.