Соңғы жаңалықтар

18.01.2023 Түлектер NIS-ті сан ғасырлық тарихы бар арман мектептерге айналатынына сенімді

Түркістанда алғаш рет өткен «SAMGAU» форумына Шымкенттегі химия-биология және физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептерінің түлектері келді. Корпоративтік қордың аға менеджері Асем Жакупова «Giving» тұжырымдамасының мәнін түсіндіріп, «Alumni NIS» қауымдастығының бірқатар жобасын таныстырды.

18.01.2023 Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылында тірек мектепті жаңғыртудың алғашқы нәтижелері таныстырылды

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының Бестамақ ауылында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» республикалық жобасы аясында жаңғырту жұмыстарының алғашқы нәтижелері таныстырылды.

17.01.2023 Болашақ мектептің табысты моделі – басқарудың жаңа бағыты

Семейдегі NIS-те Абай облысы мектептерінің директорлары мен орынбасарларына Педагогикалық шеберлік орталығының командасы мен EdCrunch Academy бірлесіп әзірлеген «Білім беру ұйымын басқару» компьютерлік симуляторының мүмкіндіктері таныстырылды.

17.01.2023 Қарағандыдағы NIS өз түлектерін мақтан тұтады

Әліби Келісбеков (University of Debreen), Жания Смағұлова (UNIST), Әлішер Әзімбаев (Yonsei University), Ақмарал Дайрабай (Nazarbayev University), Кристина Лобчук (Қарағандыдағы медициналық университет) және өзге де қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының үздік студенттері «SAMGAU» форумында Қарағандыдағы NIS түлектері атынан сөз сөйледі.

16.01.2023 Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS мұғалімі Қалдықыз Бешімбаевадан – академиялық эссе жанрының теориясы мен практикасы

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Қалдықыз Бешімбаеваның «Академиялық эссе жанрының теориясы мен практикасы» атты монографиясы жарық көрді.

13.01.2023 Оралдағы NIS: жетістік тарихы Зияткерлік мектепте басталады

Бірегей диалог алаңының қатысушылары отандық және АҚШ, Финляндия, Италия, Венгрия және басқа да шетелдік университеттерде білім алып жатқан NIS түлектерінің жетістік тарихын тыңдады. Спикерлер еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар туралы айтып, сұранысқа ие және перспективалы салаларға назар аударды, халықаралық емтихандарға дайындық мәселелеріне тоқталды.