Баспасөз-қызметі
Оралдағы NIS: жетістік тарихы Зияткерлік мектепте басталады
Бірегей диалог алаңының қатысушылары отандық және АҚШ, Финляндия, Италия, Венгрия және басқа да шетелдік университеттерде білім алып жатқан NIS түлектерінің жетістік тарихын тыңдады. Спикерлер еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар туралы айтып, сұранысқа ие және перспективалы салаларға назар аударды, халықаралық емтихандарға дайындық мәселелеріне тоқталды.
– Алтын ұя мектеп сіздердің әрқайсыңызды күтеді, – деп мектеп директоры Айдарбек Айтпкешев форум қатысушыларына алғысын білдірді.
Аалто университетінің студенті Ержан Жамашев оқушылар таныстырған жобаларға ерекше қызығушылық танытты, өзі мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде түлектермен бірлесіп «Pie Pay» жүйесін әзірлеуге қатысқан болатын:
– Жоба жетекшісі – АҚШ-тың Вирджиния университетінің студенті Шымболат Тналиев Финляндия мен Түркия университеттерінде оқитын мектеп түлектері мен оқушыларының басын біріктірді. Жалпы оқушылардың шығармашылық идеялары мен түлектердің жинақталған тәжірибесін біріктіру екі жаққа да тиімді.
– Мен оқушыларды оқуға, алға ұмтылуға шабыттандыруға әрқашан дайынмын, – Джейкобс университетінің студенті Камила Агадилова.
– NIS отандық білім берудің брендіне айналды. Соның бір бөлігі болу мүмкіндігі үшін тағдырға ризамын. Жылдар өткен сайын бұл ризашылық күшейе түсуде, – дейді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Жансая Метенова.