Соңғы жаңалықтар

16.03.2023 Оралдық NIS оқушысы Марат Хусаинов жасаған «Tumobrainor» қосымшасы диагнозды үш секундта анықтайды

Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Марат Хусаинов Наурыз кездесулерінде мидың қатерлі ісіктерін анықтайтын «Tumobrainor» бағдарламасын таныстырды

16.03.2023 Барлық сауалдың жауабы NU Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтында

Наурыз кездесулері қатысушылары жасанды интеллектің шексіз мүмкіндіктерімен танысты. Жасанды интеллектің заңдары қандай? ChatGPT зағип жандарға несімен пайдалы? Толықтырылған шынайылық Альцгеймерге шалдыққан адамдарға қалай көмектесе алады? Наурыз кездесулері қатысушылары Назарбаев университетіндегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) қызметкерлерімен кездесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды

15.03.2023 NIS оқушылары ақылды көзілдірік пен электрокардиограф ойлап тапты

Зияткерлік мектеп оқушылары адам денсаулығын бақылауға арналған бірегей биоинтерфейстерді және бағдарламалық-техникалық құралдарды ойлап тапты

15.03.2023 Жас биоинженерлер мен технологтар көмекші роботтарын Наурыз кездесулерінде таныстырды

Наурыз кездесулері аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесінде Көкшетау қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Данара Бағауова дауыспен басқарылатын автоматтандырылған медициналық кереуетті ұсынды

15.03.2023 Жасанды интеллект пен BIG DATA: медицинадағы жаңа белес

Наурыз кездесулері қатысушылары ISSAI институтының негізін қалаушы және директоры Атакан Варол ұсынған Назарбаев Университеті ғалымдарының жасанды интеллект саласындағы флагмандық зерттеулерімен танысты. Олардың арасында кеуде қуысының рентгенографиясы мен Альцгеймер ауруы үшін жіктеу жүйесі сияқты жобалар бар.

15.03.2023 Наурыз кездесулерінің үздік кадрлері тарих беттерінен орын алды

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің басты жаңалықтары ілінетін б0аспасөз қабырғасында «Наурыз кездесулерінің фото-күнделігі» жасақталды. Жоба авторлары мен жетекшілерінің, спикерлер мен жас артистердің жарқын сәттерін таспалаған үздік кадрлер NIS тариха енді.