Оралдық NIS оқушысы Марат Хусаинов жасаған «Tumobrainor» қосымшасы диагнозды үш секундта анықтайды

 

Зияткерлік мектеп оқушылары адам денсаулығын бақылауға арналған бірегей биоинтерфейстерді және бағдарламалық-техникалық құралдарды ойлап тапты. Бұл жобалар Наурыз кездесулерінің арнайы секцияларында таныстырылды.

Сыр өңіріндегі NIS оқушысы Жұлдызай Мұңайтбасова әзірлеген тұрмыстық электрокардиограф үй жағдайында жүрек ауруларын анықтауға мүмкіндік береді:

– Әлемде жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққан 2 миллион адам тіркелген. Жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультен зардап шегеді. Arduino платформасында біз адамның жүрек соғысының интервалын және ауытқуларды нақты анықтайтын құрылғыны құрастырдық.

Ақтаулық зияткер Мырзаәлі Асанов зағип жандарға арналған ақылды көзілдіріктің үлгісін жасап шығарды:

– Қарапайым көзілдірікке арнайы сенсорларды бағдарламалау арқылы көру қабілеті бұзылған адамдардың кеңістікте еркін қозғалуына мүмкіндік беріп, төтенше жағдай кезіңде құтқару қызметін хабардар етеді.

Ғылыми жобалар көрмесінде NIS достары – тірек ауыл мектептері оқушыларының өнертабыстары да ұсынылды. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы көпсалалы гимназияның білім алушылары автоматтандырылған жылыжайдың прототипін жасап, мектеп аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай байқаулар зерттеушілік дағдыларды арттырып қана қоймай, тың жаңалықтар ашуға шабыттандырады.