Соңғы жаңалықтар

26.12.2022 Ақтаудағы NIS түлектері сүйікті мектебімен қайта қауышты

Ақтаудағы «SAMGAU» форумының ашылу салтанатында Alumni NIS президенті Жанель Сабденова «Giving» концепциясын таныстырып, оның оқушылар мен түлектер үшін өзектілігін түсіндірді.

26.12.2022 Қостанайдағы NIS оқушысы Ерболат Сембаев интерактивті оқыту квест-жүйесіне авторлық құқық алды

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Ерболат Сембаев «Quest System of Interactive Learning, QSOIL – Quest System of Interactive Learning» жобасы үшін авторлық құқық туралы куәлік алды.

26.12.2022 NIS біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-те өткен «SAMGAU» форумында мектептің тарихына шолу жасалды. Келесі жылы білім ордасы 10 жылдығын атап өтеді. Бүгінде Зияткерлік мектеп түлектері үздік жоғары оқу орындарында білім алып, еліміздің және әлемнің беделді компанияларында қызмет етуде.

26.12.2022 Спартакиаданың бірінші күні Өскемен, Астана және Ақтөбе волейболшылары жеңіске жетті

Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те қыздар арасында волейболдан желілік спартакиаданың ақтық кезеңі басталды.

26.12.2022 Оқушылар өз мүмкіндіктерінен асып түсуде

Елордадағы халықаралық бакалавриат мектебінде волейболдан ер балалар арасындағы NIS желілік спартакиада қатысушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов құттықтады.

23.12.2022 Атыраудағы NIS оқушылары «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі 2.0» жобасы бойынша 700 мың теңге грант иеленді

Атыраудағы Зияткерлік мектеп оқушылары Дана Зарапова, Алтынай Кубайдоллаева, Нұртас Нұрым, Асылхан Шукурбаев «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі 2.0» жобасының жеңімпаздары деп танылды. Шара ұйымдастырушылары – Caravan of Knowledge және Shell компаниясы. Ақтық турдың қорытындысы бойынша NIS өкілдеріне 700 мың теңге көлемінде грант табыс етілді.