Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Амира Кенбаева және Ақерке Нұрахметова математика бойынша Еуропалық олимпиадада Қазақстан атынан қатысады

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Амира Кенбаева және Ақерке Нұрахметова математика бойынша Еуропалық олимпиадада Қазақстан атынан қатысады

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тің екі оқушысы Амира Кенбаева мен Ақерке Нұрахметова математикадан қыздарға арналған Еуропалық олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Олар Қазақстан құрамасының қатарына қосылып, Порторожде өнер көрсетеді.
 
Математикадан қыздарға арналған Еуропалық олимпиаданың шешуші кезеңі сәуір айының ортасында Словенияда жоспарланған.