Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар
Бүгін Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі II орынмен оралды.
СҚО-дағы мектептердің 80% шағын жинақты. Ал ондағы кадр тапшылығы мен білім сапасын жетілдіруге NIS-тің ауылдарды дамытуға бағытталған жобалары аясында мүмкіндік бар. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Солтүстік Қазақстан облысында депуттармен кездесуінде айтты.
Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Антон Моргунов Phi Beta Kappa қоғамының мүшесі атанды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Астанада өтіп жатқан «Білімді ұрпақ – білімді ел» республикалық конференциясында ауыл мектептеріндегі негізгі 4 мәселеге тоқталды
Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықтықты азайтуда NIS әдістемесі нәтиже бере бастады. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин елордада өткен «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында айтты.
NIS Педагогикалық өлшеулер орталығы Еуропалық білім берудегі бағалау қауымдастығы (Association for Educational Assessment – Europe, AEA-Europe) платформасында Кешенді бағалау мәселелері бойынша арнайы топ (Holistic Assessment Special Interest Group, HASIG) құруға мүмкіндік алды.