Баспасөз-қызметі
NIS ауыл мектептеріндегі негізгі мәселелерге мониторинг жасауды жалғастырады
NIS ауыл мектептеріндегі негізгі мәселелерге мониторинг жасауды жалғастырады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Астанада өтіп жатқан «Білімді ұрпақ – білімді ел» республикалық конференциясында ауыл мектептеріндегі негізгі 4 мәселеге тоқталды. Сондай-ақ NIS ауыл мектептерін халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізетін мониторинг нәтижелерімен бөлісті.
– Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша көптеген ауыл мектептеріне тән негізгі 4 проблеманы анықтадық. Бұл сабақтарды тиімді жоспарлау және өткізу кезінде мұғалімдердің пәндік білімі мен әдістемелік құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, сонымен бірге бағалау жүйесінің тиімді моделінің әзірленбеуі, оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мен материалдық-техникалық база деңгейінің төмендігі байқалып отыр, – деді Әнуар Жанғозин.
Талдау жұмыстары NIS әдістемесін ауыл мектептеріне енгізуде өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл әрбір мектепке лайықталған арнайы методиканы құрастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, әрбір мектеп өз қажеттіліктеріне сай әдістемелік қолдау алады.
NIS мамандары 4 және 8-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау үшін кіріс-шығыс мониторингін өткізген. Жиынтық бағалау мен мониторинг нәтижелері арасындағы алшақтық 3%-дан 33%-ға жеткен. Бұл ауылдық мектеп оқушыларының бағасын көтермелеп қою мен дұрыс бағаламаудың салдарын болып отыр.