Баспасөз-қызметі
NIS түлегі Антон Моргунов әлемдегі жоғары зияткерлік лигаға қабылданды
NIS түлегі Антон Моргунов әлемдегі жоғары зияткерлік лигаға қабылданды
Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Антон Моргунов Phi Beta Kappa қоғамының мүшесі атанды.
Phi Beta Kappa Society – АҚШ-тағы ең көне құрметті студенттер қоғамы. Білім алушылар үшін ең жоғары марапат саналатын бауырластыққа орташа есеппен 100 үміткердің біреуі ғана мүше бола алады.
Антон ел тарихында америкалық бес үздік жоғары оқу орны – Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеттері мен Массачусетс және Калифорния технологиялық институттарынан шақыру алған бірінші қазақстандық. Оның таңдауы MIT-ге түсіп, бүгінде беделді білім ордасын аяқтады.
Мектеп қабырғасында ол химиядан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері атанды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ Антон – «El Maqtanyshy» сыйлығының иегері, оқушыларды пәндік олимпиадалар пен жобалық жұмыстарға дайындайтын «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының негізін қалаушы. Биыл Alumni NIS өткізген «SAMGAU» форумында Антон жас зияткерлерді білім жолында аянбай еңбек етуге шақырып, тәжірибесін бөлісті, шабыт берді.