Соңғы жаңалықтар

30.04.2024 NIS пәндік олимпиадалар бойынша 2024 жылдың үздік командасы атанды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасы «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атанып, Гран-приге ие болды

30.04.2024 NIS әдістемелік көмек көрсететін ауыл мектептерінің оқушылары робот жасап шығарды

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған Ғылым фестивалінде Шалқар қаласы №3 тірек мектебінің оқушылары әзірлеген «Робот-зертханашысы» ерекше көзге түсті

26.04.2024 NIS оқушылары Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері атанды

2024 жылғы 21-26 сәуір аралығында Шэньчжэнь қаласындағы (Қытай) Ресей-Қытай университетінің базасында 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті

26.04.2024 СТРАТЕГИЯ – 2035: NIS-PROGRAMME білім беру бағдарламасы және Зияткерлік мектеп түлегінің NIS GRADE 12 CERTIFICATE сертификатының мойындалуы

Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына NIS-Programme мен Зияткерлік мектеп түлегінің сертификатын (NIS Grade 12 Certificate) мойындатуда ДББҰ айтарлықтай нәтижеге жетті

25.04.2024 NIS оқушысының мақаласы халықаралық Scopus базасында жарық көрді

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Алдияр Аппаздың «Изовалериан қышқылының моноглицеридтер синтезін микротолқынды белсендіру және оның микробқа қарсы белсенділігі» тақырыбындағы зерттеу нәтижелері әлемдегі ең ауқымды Scopus дерекқор жүйесіне енетін «Bulgarian Chemical Communications» болгариялық журналында жарияланды

24.04.2024 СТРАТЕГИЯ – 2035: Білім беру өнімдері мен қызметтерін шетелге экспорттау

NIS-ке деген халықаралық сенім педагогтерді кәсіби дамыту саласындағы академиялық жетістіктер мен үлкен тәжірибе арқасында нығайды