NIS пәндік олимпиадалар бойынша 2024 жылдың үздік командасы атанды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасы «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атанып, Гран-приге ие болды.

Республикалық олимпиада наурыз-сәуір айлары аралығында өтті, онда бүкіл ел бойынша NIS оқушылары әртүрлі үлгідегі 89 медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, биыл NIS командасы алғаш рет қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үздік деп танылса, ал жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үшінші рет Гран-при жеңіп алды.