Еншілес ұйымдар және филиалдар
Педагогикалық шеберлік орталығы
Біз туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы шешімімен әлемдік тәжірибені және заманауи мектептің сұраныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бағдарламасын әзірлеуді қарастыратын мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілі мақұлданды.
2011 жылы 15 маусымда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) құрылды. Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың жаңа форматы елімізге қажет болды және әлемде жоғары ықылас туғызды.
Еліміздің барлық аймақтарында 15 филиал жұмыс істейді.
Миссия
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту үшін отандық және халықаралық озық тәжірибені, адами және әдіснамалық ресурстарды қолдану.
Пайымдауы:
еліміздегі педагогтерді кәсіби дамыту мәселесі бойынша көш бастаушы ұйым болу және халықаралық рынокта білім берудегі қызмет көрсетуді белсенді алға жылжыту.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
2. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін жаттықтырушыларды даярлау.
3. Қазақстан Республикасының педагогтерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту.
4. Курстан кейінгі сүйемелдеу және педагогтарды әдістемелік қолдау.
5. Ғылыми-зерттеу қызметі және мұғалімдердің кәсіби дамуының мониторингтік зерттеулері.
6. Баспа қызметі.
Мекен жайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй
Телефон: 8 (7172) 23-57-50
E-mail: info@cpm.kz
Электрондық ресурстар:
1. www.cpm.kz – официальный сайт ЦПМ;
2. Facebook.com, Instagram.com – официальные страницы ЦПМ в социальных сетях;
3. www.sdo.cpm.kz – портал для проведения курсов повышения квалификации;
4. www.online.cpm.kz – портал для профессионального развития педагогов;
5. www.lessonstudy.kz – сайт для поддержки педагогов, внедряющих Lesson Study;
6. «Шамшырақ» и «Мектеп тренері» – онлайн-площадки профессиональных сообществ педагогов в социальной сети.
Lesson Study өткізу бойынша қазақстандық педагогтерге тәжірибе алмасу мүмкіндігін беруге арналған www.lessonstudy.kz сайты, әдістемелік ресурстарға, өзекті ақпараттарға қол жеткізу, және мұғалімдердің зерттеуін, олардың тиімді оқыту практикасын жалғастыру әрі дамыту.