«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы

Біз туралы

Білім беру бағдарламалары орталығы (бұдан әрі – Орталық), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы 2012 жылғы 2 ақпанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің күндізгі отырысының шешімімен (№5 хаттама) құрылды.

Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі міндеттері Инновациялық білім беру бағдарламалары мен ресурстарын әзірлеу, оларды сынақтан өткізу мен іске асыруды ғылыми-әдістемелік қолдау, Зияткерлік мектептердегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – NIS-Programme білім беру бағдарламасын әзірлеу және қайта қарау саласындағы мониторинг пен зерттеулер болып табылады.

Миссия

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасын ұдайы жетілдіру және оларды елдің жалпы білім беретін мектептеріне бейімдеу арқылы Қазақстанда жалпы орта білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Оқу бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын іске асыру мониторингі және оларды жетілдіру.

2. Зияткерлік мектеп мұғалімдерін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

3. Білім беру ресурстарын әзірлеу:

  3.1. оқу-әдістемелік кешендер (мұғалімге арналған нұсқаулық, оқулық және жұмыс дәптері);

  3.2. сандық білім беру ресурстары.

4. Ғылыми-зерттеу қызметі.

5. Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне тәжірибені тарату.

Мекен жайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй

Телефон: 8 (7172) 23-57-57

E-mail: info@cep.nis.edu.kz

Веб-сайт: www.cep.nis.edu.kz