Конкурстық іріктеу қорытындылары
«Өркен» білім беру гранты
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінің 4-тармағына сәйкес жұмыс органы гранттарды мектептер арасында бөлуді республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шегінде жүзеге асырады.
2024 жылғы 6 – 7 маусым күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2024-2025 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде ДББҰ-ның Басқарма отырысы өткізілді.
Оқушылар контингентінің жоспарлық көрсеткіштерін орындау мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма шешімімен 2024-2025 оқу жылынан бастап 7-сыныптарда білім алу үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында гранттар бөлініп тағайындалды.
№ |
Назарбаев Зияткерлік мектептері |
«Өркен» гранты иегерлерінің тізімдері |
Резервтік тізім |
1 |
Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
2 |
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
3 |
Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
4 |
Алматы қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
5 |
Шымкент қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
6 |
Шымкент қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
7 |
Ақтау қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
8 |
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
9 |
Атырау қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
10 |
Қарағанды қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
11 |
Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
12 |
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
13 |
Қызылорда қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
14 |
Павлодар қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
15 |
Петропавл қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
16 |
Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
17 |
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
18 |
Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
19 |
Түркістан қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
20 |
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
||
21 |
Өскемен қаласындағы химия-биологилық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
«Өркен» білім беру гранты иегерлерінің заңды өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектебінен хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау туралы өтініш беріп, білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісім-шартқа қол қоюы қажет.
Жалпы резервтік тізім
Барлық мектептердің барлық үміткерлерінің бірыңғай сараланған резервтік тізімі ағымдағы оқу жылына жарамды (2024–2025 о.ж.)
Үміткердің статусын көру
Толығырақ білу